Образование
05.06.2026
"Бір күнде 10 000 гүл" экологиялық акциясы
Оқушылар мен Совет орта мектебінің педагогикалық ұжымы «Бір күнде 10 000 гүл» облыстық экологиялық акциясына қатысты. Педагогтер мен ата-аналардың қолдауымен мектеп аумағы абаттандырылып, гүлдер отырғызылып, әсем гүлзарлар жасалды. Акция оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, жауапкершілігін арттыруға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға тәрбиелеуге ықпал етті.